«Жеңіс» басымдыққа ие бола тұра жеңісті қолдан шығарды, ал «Елімай» «Қайратты» жеңіп, жігерлі жеңіске жетті (видео)

Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-туры екі матчпен басталды, деп хабарлайды Sport+.
Петропавлда «Қызылжар» аз құрамда ойнап, «Жеңіспен» болған ойында тең нәтижеге қол жеткізді — 1:1. Қонақтар сапынан гол авторы — Аслан Әділ, алаң иелерінен — Самат Жарынбетов.
Алматыда «Қайрат» Эдмилсонның екі голының арқасында есепте алға шықты, алайда ақырында 3:2 есебімен жеңіліп қалды. «Елімай» сапында Фессу Плакка дубль жасап, тағы бір голды Иван Свиридов соқты.