Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ересектер арасындағы ашық республикалық турнир өтеді

Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ересектер арасындағы ашық республикалық турнир өтеді

27–28 мамыр күндері Орал қаласында самбодан әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ересектер арасындағы дәстүрлі ашық республикалық турнир өтеді. Ширек ғасырлық тарихы бар палуандар жарысын соңғ екі жылдан бері дзюдо күресінен өтіп келеді.

Оралды дүбірге бөлейтін жарыс бүгінде халықаралық деңгейдегі беделді спорттық бәсекелердің біріне айналды. Турнир жыл сайын ауқымын кеңейтіп, жас спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын маңызды алаң ретінде бағаланып келеді.

Биылғы турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек, Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан келген спортшылар қатысады. Екі күнге созылатын татами шеберлерінің тартысты бәсекесінде 200-ге жуық палуан 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтайды.

Дәстүрлі жарыс жас дзюдошыларға тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейдегі шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, турнир талантты спортшыларды анықтап, олардың үлкен спорттағы болашағына жол ашатын маңызды дода саналады.

Турнирдің басты ерекшеліктерінің бірі — әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздары арасында автокөлік ойнатылуы. Бұл жарыстың бәсекелестік деңгейін арттырып, қатысушыларға зор мотивация сыйлайды.

Жарыс Жайық Арена спорт кешенінде өтеді.



Күн шежіресі