«Оқжетпес» «Тобылды» жеңді (видео)
«Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясында «Тобылды» 2:1 есебімен жеңді.
Қостанайлықтар бірінші таймда есеп ашты. Голдың авторы — Марко Вукчевич. Алайда екінші таймда Жасұлан Мұхаметханов дубль жасап, көкшетаулықтарға жеңіс сыйлады.