«Миланның» түлегі «Астанаға» ауысты
Елордалық «Астана» клубы 34 жастағы неміс жартылай қорғаушысы Александр Меркельмен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Александр «Штутгарт» пен «Милан» академияларының түлегі және Еуропаның жетекші чемпионаттарында өнер көрсетудің мол тәжірибесіне ие.
Әр жылдары ол «Милан», «Дженоа», «Удинезе», «Уотфорд», «Хераклес» және Еуропаның басқа да бірқатар клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ оның халықаралық аренада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өткізген матчтары бар.