«Қайсар» қорғаныс шебін бразилиялық футболшымен күшейтті
«Қайсар» футбол клубы құрамын бразилиялық қорғаушы Клайдер Маседомен толықтырды, деп хабарлайды Sport+ қызылордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 жастағы футболшы кәсіби мансабын Бразилияда бастап, кейін Еуропаға жол тартқан. Ол Болгарияның «Берое» және «Крумовград» клубтарында өнер көрсетіп, тәжірибе жинады. Бұдан соң Армения чемпионатына ауысып, «Ван» және «Алашкерт» командаларының намысын қорғады.
Маседо Армения клубтарымен бірге жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Еурокубок жарыстарына жолдама алу жолында өз үлесін қосты. Соңғы маусымда «Алашкерт» сапында негізгі құрам ойыншыларының бірі ретінде тұрақты өнер көрсетті.