Он үш үміткер. Бокстан әлем чемпионаты аясындағы ширек финалдық бәсекелердің жарыс кестесі

Ливерпульде бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтеді.
Қазақстан құрамасы қазірдің өзінде бір жартылай финалистке ие – Наталья Богданова ел қоржынына кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.
10 қыркүйекте қалған ширек финалдық кездесулер өтеді. Бүгін Қазақстан сапынан 13 боксшы шаршы алаңға шығып, ұлттық құраманың жүлде қорын толықтыруға күш салады.
Жарыс кестесі:
Күндізгі сессия. 16:00
Виктория Графеева – Ситора Турдыбекова (Өзбекстан)
Махмұд Сабырхан – Руй Ямагучи (Жапония)
Нұрбек Оралбай – Джавохир Умматалиев (Өзбекстан)
Елдана Тәліпова – Селин Даниэль (Жаңа Зеландия)
Төрехан Сабырхан – Макан Траоре (Франция)
Сағындық Тоғамбай – Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
Кешкі сессия. 22:00
Алуа Балқыбекова – И-ксуан Гуо (Тайпей)
Карина Ибрагимова – Джулия Серемета (Польша)
Аида Әбікеева – Бусеназ Сурменели (Түркия)
Гүлсая Ержан – Есета Флинт (Австрия)
Бибарыс Жексен – Абдумалик Халоков (Өзбекстан)
Ертуған Зейнулинов – Асахуджа Муидинхуджаев (Өзбекстан)
Айбек Оралбай – Лука Пратлажачич (Хорватия)
Жекпе-жектердің толық кестесі төменде көрсетілген:
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлем чемпионатының тікелей эфирін Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.