Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың кездесулері тікелей эфирде көрсетіледі

5 қыркүйек күні Ливерпуль қаласында WORLD BOXING Әлем чемпионатының екінші күні өтеді.
Күндізгі сессияда екі қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады. 57 кг салмақ дәрежесінде Карина Ибрагимова грек боксшысы Панагета Кузилумен кездеседі.
Ал 65 кг салмақта Сербияда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Аида Абикеева венгриялық Лука Хамориге қарсы жұдырықтасады.
Күндізгі сессия 15:00-де басталады, кешкі сессия 22:00-де өтеді.
Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында ұйымдастырылады.
Кешкі сессияны сондай-ақ Sport+ арнасынан көруге болады.