«Қайрат» еурокубоктағы ықтимал өз алаңындағы матчын Түркістанда өткізеді

«Қайрат» еурокубоктағы ықтимал өз алаңындағы матчын Түркістанда өткізеді

Алматылық «Қайрат» клубы Еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал өз алаңындағы матчын Түркістанда өткізетін болды, деп хабарлайды Sport+.

14 тамыз күні Алматы қаласының Орталық стадионында америкалық әнші Канье Уэсттің концерті өтетіндіктен, дәл осы кезеңде жоспарланған еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіндегі үй ойынын аталған стадионда өткізу мүмкін болмайды.

Осыған байланысты және еурокубок ойындарының тығыз кестесін ескере отырып, «Қайрат» УЕФА-ға матч өтетін орынды ауыстыру туралы өтініш жолдады. Өтініш қаралып, нәтижесінде кездесуді Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткізуге келісім берілді.

Матчтың нақты күні мен басталу уақыты, сондай-ақ билет сатылымының басталуы туралы ақпарат команданың еурокубоктағы келесі кезеңі анықталғаннан кейін қосымша жарияланады.



Күн шежіресі