logo

Нұрқожа Қайпанов – еркін күрестен Азия чемпионы (видео)

Нұрқожа Қайпанов – еркін күрестен Азия чемпионы (видео)

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+. 

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші белдесуде Қайпанов қырғызстандық Орозбек Тоқтомамбетовтан басым түсті.  

Кездесу 2:1 есебімен біздің балуанның пайдасына аяқталды.