Сақаев Азия чемпионатының финалына шықты (видео)

Қазақстандық Болат Сақаев Амманда (Иордания) өткен еркін күрестен Азия чемпионатының финалисі атанды.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Сақаев қытайлық Цао Нанды мерзімінен бұрын жеңіп, финалға жолдама алды.
Осылайша, бүгін, 30 наурызда Азия чемпионатының финалында екі қазақстандық балуан белдеседі. Бұған дейін 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов та жартылай финалдан сәтті өтіп, финалға шыққан болатын.
Азамат Дәулетбеков (92 келі) жартылай финалда ирандық Амирхосейн Фирузпурбандпеиден жеңіліп, енді қола медаль үшін күресетін болады.
Ал бастапқы кезеңдерде Мұхамед Балғабай (61 келі) мен Нұрсұлтан Азов (125 келі) өз қарсыластарына есе жіберді.