logo

Нора Джеруто Азия чемпионатында екінші «алтын» медалін жеңіп алды

Нора Джеруто Азия чемпионатында екінші «алтын» медалін жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Гуми (Оңтүстік Корея) қаласында өткен Азия чемпионатында екінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Sport+.

Бүгін, 31 мамыр күні, спортшы 5000 метрге финалдық жүгіруде бірінші орынға ие болды.

Джерутоның финиш уақыты — 14:58.71.

Үндістаннан Парул Чаудхари екінші орынға тұрақтады — 15:15.33. Үштікті Жапониядан Юма Ямамото толықтырды — 15:16.86.

Қазақстан ұлттық құрамасының еншісінде қазір алты медаль бар. Алғашқы алтын медальдарды Нора Джеруто (3000 метр кедергілерімен жүгіру) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) жеңіп алды. Екінші орын биіктікке секіруден Елизавета Матвееваға бұйырды. Үшінші орындарды 3000 метр кедергілерімен жүгіруден Джепкемей және 20 километрге спорттық жаяу жүруден Ясмина Токсанбаева иеленді.



Күн шежіресі