«Мұндайды футболда жиі көрмейсің»: Еуропада Сейсеннің ерекше стилін атап өтті

Белгілі еуропалық спорттық сайт GivemeSport өзінің X желісіндегі парақшасында Алматыда өткен Конференция Лигасының жалпы кезеңінің бесінші турындағы «Астана» мен «Челси» (1:3) арасындағы матчтағы суық ауа райына назар аударды, деп хабарлайды Sport+.
«Мұндайды футболда күнде көрмейсің. «Астананың» қақпашысына Қазақстандағы аязды ауа райына байланысты «Челсиге» қарсы матчта бас киім киюге тура келді», – деп жазды ресурс.
Айта кетейік, Конференция Лигасының жалпы кезеңінің бесінші турындағы «Астана» мен «Челси» арасындағы ойын кезінде Алматыда ауа температурасы шамамен -10 градус болған.