Моңғолиядағы рейтингтік турнирде қазақстандық балуан күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық балуандар Ұлан-Батырда (Моңғолия) өткен рейтингтік турнирде кезекті жүлделерін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 6 маусымда еркін күрес шеберлері ел қоржынына екі медаль салды. 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Дәулетбеков күміс жүлдеге ие болса, 86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақта Эльмира Сыздықова үшінші орыннан көрінді.
Айта кетейік, бір күн бұрын грек-рим күресінің өкілдері Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) пен Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін), сондай-ақ әйелдер құрамасының мүшесі Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) қола жүлдегер атанған болатын.