logo

ММА жауынгері Елжан Алиасқар базардағы жұмысы туралы

ММА жауынгері Елжан Алиасқар базардағы жұмысы туралы

Қазақстандық ММА жауынгері, NAIZA лигасының файтері Елжан Алиасқар Sport+ Qazaqstan телеарнасының құрметті қонағы атанып, базардағы жұмысы туралы айтап берді.

«Жібек жолы» базарында жұмыс істеп жатқаныма 5 жыл уақыт болды. Ең басында жұмысқа тұрғаннан кейін, «Қазақстан файтер» мен Octagon лигасынан кейін, базарда таныс біреуді көріп қалсам, тығылып қалатынмын. Қазір ұялмаймын, себебі адал еңбек етемін. Жұмыстың адалы жақсығо. Бала-шағам бар, солар адал жерден тапқанды жесін деген ойдамын. Базарда жұмыс жасау оңай емес. Қыстың суығы бар, жаздың ыстығы бар. Неше түрлі адамдар келеді, неше түрлі сөз айтады, соның бәріне шыдайсың», - деді жауынгер.

DAR Team командасының өкілі Алиасқар 23 қарашада Алматыда өтетін NAIZA 69 турнирінде өнер көрсетеді.  

Аталмыш турнирдің тікелей эфирін Sport+ Qazaqstan телеарнасынан тамашалауға болады.

Елжан Алиасқармен толық сұхбатты біздің YouTube-арнамыздан көріңіздер.