Жұмағұлов Fight Night лигасымен келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық жауынгер, UFC бұрынғы мүшесі Жалғас Жұмағұлов Fight Night лигасымен 4 жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ лигаға әлеуметтік желілеріне сілтеме жасап.
Келісімшарт бойынша Жалғас 2025 жылы ММА және бокс ережелері бойынша жекпе-жектер өткізуі тиіс.
Жұмағұлов өзінің соңғы жекпе-жегін еуропалық OKTAGON лигасында өткізді.
Жалғас Fight Night бұрынғы чемпионы, осы лигадан кейін ол UFC-ге өткен болатын.