logo

Михаил Шайдоров Қытайдағы жарыстың қысқа бағдарламасында үшінші орынды иеленді

Михаил Шайдоров Қытайдағы жарыстың қысқа бағдарламасында үшінші орынды иеленді

Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл сында Қазақстан атынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров қатысуда.

Қысқа бағдарламада Шайдоров 88.33 ұпай жинап, аралық нәтижеде үшінші орынға жайғасты.

Жарыс кестесінде жапониялық Шун Сато (94.13 ұпай) көш бастап тұр, ал екінші орында италиялық Даниэль Грааль (90.42 ұпай).

Еркін бағдарлама 25 қазанда өтеді.



Күн шежіресі