Михаил Шайдоров: Өкінішке қарай, әлемде тек өзім орындайтын каскадты көрсете алмадым

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2025 жылғы Азия ойындарыдағы еркін бағдарламаға жаңа өзгерістер енгізгенін айтты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгінгі күн мен үшін өте қиын болды. Аздап сырқаттанып қалдым, қызуым көтерілді. Дегенмен, жарысқа толықтай жинақы шықтым. Бастапқыда бәрі ойдағыдай болмады. Элементтер жақсы болғанымен, кейбір жерге түсуім сәтсіз шықты.
Жалпы, өз өнеріме көңілім толады. Бұған дейін мұндай ырғақта сырғанап көрмеп едім. Бағаларым жаман емес сияқты. Өкінішке қарай, әлемде тек өзім орындайтын каскадты көрсете алмадым. Келесі жарыста оны орындаймын деп үміттенемін. Осы арада дайындалып, төрешілердің еңбегімді бағалайды деп үміттенемін», — деді Шайдоров.