Маусым басының күтпеген көшбасшысы: «Оқжетпес» — «Атырау» матчының тікелей эфирі

Маусым басының күтпеген көшбасшысы: «Оқжетпес» — «Атырау» матчының тікелей эфирі

«Оқжетпес» екінші жыл қатарынан маусым басының басты сенсациясына айналып отыр. Биыл бапкер Ринат Әлюетов шәкірттері жанкүйерлерді әр тур сайын таңғалдырып келеді: көкшетаулық клуб матчтардың соңғы минуттарында жеңісті жұлып алып, азулы қарсыластарын тізе бүктіріп жүр. Соның нәтижесінде команда турнир кестесінде үшінші орынға көтеріліп, тек қазіргі чемпион «Қайрат» пен «Ордабасыға» ғана жол беруде.

Ал маусымды бапкерлер штабының ауысуымен бастаған «Атырау» алғашқы турларда бірнеше мәрте тең ойнап, «Қайсарды» жеңген еді. Алайда кейін Владимир Чебурин жаттықтыратын ұжым қатарынан үш матчта жеңіліске ұшырады.

Дегенмен өткен турда «мұнайшылар» «Алтайды» қиын әрі маңызды кездесуде жеңіп, енді Көкшетауға көтеріңкі көңіл күймен аттанады.

Бұл матч 9-тур бағдарламасын ашады. Ойынның басталуы — сағат 15:00-де.

Кездесудің тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі