«Ливерпуль» Швеция құрамасының шабуылшысына көз тікті

«Ливерпуль» «Ньюкасл» шабуылшысы Александер Исакқа қызығушылық танытып, оны Дарвин Нуньестің орнына ықтимал кандидат ретінде қарастыруда, деп хабарлайды Sport+.
Журналист Экрем Конурдың мәліметінше, 25 жастағы швед форвард мерсисайдтықтардың басымдық беретін трансферлік мақсаттарының бірі болып отыр.
Биылғы маусымда Исак 28 матчта 19 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Оның «Ньюкаслмен» келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды, ал нарықтық құны €75 миллион деп бағалануда.
Швед шабуылшысына «Барселона» да қызығушылық білдіруде.