«Чорум» Ыстамбұлда сенсация жасаған еді: «Бешікташ» — «Чорум» матчының трансляциясы
Түркия Суперлигасына қайта оралған «Чорум» алғашқы турда көпшілікті таңғалдырды. Команда Ыстамбұлда қазіргі чемпион «Галатасараймен» кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.
Алайда әзірге бұл ұпай клуб үшін жалғыз болып тұр. Ал «Бешікташтың» еншісінде екі ұпай артық. «Қара бүркіттер» алғашқы турда жеңіске жеткенімен, кейін «Аланьяспордан» жеңіліп қалды.
Дегенмен «Чоруммен» ойынға «Бешікташ» жақсы көңіл-күймен келеді. «Қара бүркіттер» еурокубокта «Кауно Жальгиристі» жеңіп, Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.
Матч сағат 23:30–да басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.