Түркістандағы тартыс: «Атырау» — «Астана» матчының трансляциясы
Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі үшін күресіп жатқан «Астана» 24-турда Түркістанда өз алаңындағы ойындарын өткізіп жүрген «Атырауға» қонаққа барады.
«Оқжетпестің» «Қайсарды» жеңуінен кейін Григорий Бабаян шәкірттері турнир кестесіндегі үшінші орынды тек доп айырмашылығының арқасында сақтап отыр. Енді үздік үштікте қалу үшін «Атырауды» жеңу қажет.
«Мұнайшыларды» жақында Самат Смақов басқарды. Оның алдында команданы келесі маусымда да Қазақстан Премьер-лигасында сақтап қалу міндеті тұр.
Сондықтан бұл — екі командаға да ұпай ауадай қажет матч.
Ойын сағат 20:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан және Sportplustv.kz сайтынан көруге болады.