Стоилов маусымдағы алғашқы жеңіс үшін Ыстамбұлға аттанады: «Галатасарай» — «Гөзтепе» матчының тікелей эфирі

Стоилов маусымдағы алғашқы жеңіс үшін Ыстамбұлға аттанады: «Галатасарай» — «Гөзтепе» матчының тікелей эфирі

Болгариялық бапкер Станимир Стоилов жаттықтыратын «Гөзтепе» Түркия чемпионатының үшінші туры аясында қазіргі чемпион «Галатасарайға» қарсы сырт алаңда матч өткізеді.

Ыстамбұлдықтар алғашқы турда сүрінгенімен, екінші турда «Эрзурумспорды» ірі есеппен жеңді. Қазір Виктор Осимхен тамаша бабында. Ол маусым басындағы екі ойында 4 гол соқты.

Ал «Гөзтепеге» келсек, Стоилов шәкірттері алғашқы турларда әзірге жеңіске жете алмады: «Самсунспормен» тең ойнап, «Генчлербирлиги» командасынан жеңілді.

Үшінші тур матчы 29 тамыз күні сағат 23:30–да өтеді. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі