«Ертіс» «Ақтөбені» жеңіп, қауіпті аймақтан алыстады (видео)
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында «Ертіс» өз алаңында «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Қонақтар сапынан Артур Шушеначев есеп ашты. Алайда екінші таймда алдымен Леонардо Халил есепті теңестірсе, кейін Рамазан Каримов қақпашының қателігін пайдаланып, «Ертісті» алға шығарды.
Осылайша, павлодарлықтар 20 ұпай жинап, төменгі лигаға түсіп қалу аймағынан шықты. Қазір бұл аймақта «Алтай» мен «Жетісу» орналасқан.