logo

Лев Скворцов: «Серикспор» клубымен келісімшартқа қол қойдым. Ол осы маусымның соңына дейін есептелген

Лев Скворцов: «Серикспор» клубымен келісімшартқа қол қойдым. Ол осы маусымның соңына дейін есептелген

25 жастағы қазақстандық қорғаушы Лев Скворцов Түркияның «Серикспор» командасымен келісімшарты туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport+ Legalbet сайтына сілтеме жасап.

«Иә, „Серикспор“ клубымен келісімшартқа қол қойдым. Ол осы маусымның соңына дейін есептелген. Мұнда қазір туркиялық бапкер (Синан Пашали) жұмыс істейді. Командаға қосылып, олармен бірге жаттығамын. Мұнда бұрынғы КСРО елдерінен шыққан ойыншылар да бар. Мысалы, бір белорус — орталық қорғаушы Александр Мартынов», — деді Скворцов.

25-жастағы Скворцов өткен жылдың қаңтарында «Химки» клубынан «Ақтөбе» командасына ауысты. КПЛ-2025 турнирінде ол 17 матчқа қатысып, бір гол соққан. Қорғаушының нарықтық құны Transfermarkt порталының дерегінше 200 мың еуроға бағаланған.

Скворцов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында да ойнаған тәжірибеге ие — оның еншісінде 8 кездесу бар, бірақ нәтижелі әрекет тіркелмеген.



Күн шежіресі