«Қайрат» сапынан жартылай қорғаушының кеткені туралы жариялады
Алматылық «Қайрат» футбол клубы 27 жастағы израильдік қорғаушы Офри Арадтың клубтан кеткенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Офри Арад «Қайрат» сапына 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде өнер көрсетті. Келесі маусымда ол сәтті түрде тірек жартылай қорғаушы позициясына ауысып, қысқа уақыт ішінде команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды.
Арад клубқа 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атануға, 2025 жылы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, сондай-ақ Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуға көмектесті. «Қайрат» сапындағы соңғы матчында ол «Джузеппе Меацца» стадионында өткен «Интерге» қарсы ойында (1:2) гол соқты.
Алматылық клуб құрамында өткізген үш маусымда Офри Арад 92 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.