«Қызылжар» сербиялық жартылай қорғаушыны қатарына қосты
Петропавлдық «Қызылжар» 28 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Дамьян Краишникпен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Сербиялық футболшымен келісімшарт «1+1» жүйесі бойынша жасалды — бір жылға, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен.
Кәсіби мансабында Краишник 273 матч өткізіп, 43 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген. Тірек жартылай қорғаушының соңғы клубы босниялық «Радник» болды, онда ол 2024 жылдан бері 46 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 4 ассист жасаған.