«Жеңіс» клубы «Фенербахче» түлегін қатарына қосты
«Жеңіс» футбол клубы қорғаушы Микаель Аскаровпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Микаель — Түркияның «Фенербахче» клубының түлегі, Қазақстанның жастар құрамасы сапында өнер көрсеткен. Қазақстанда «Қайрат», «Екібастұз», «Атырау» және «Тұран» клубтарында ойнаған.