logo

Эль-Класикоға дейінгі Мадрид дербиі: Атлетико – Реал Мадрид матчының тікелей эфирі

Эль-Класикоға дейінгі Мадрид дербиі: Атлетико – Реал Мадрид матчының тікелей эфирі

«Барселона» «Атлетикті» ойсырата жеңіп, Испания Суперкубогының финалына шықты. Ал бүгін «Атлетико» — «Реал» матчында екінші финалист анықталады.

Осы маусымдағы алғашқы мадридтік дерби «Атлетиконың» 5:2 есебімен сенімді жеңісімен аяқталған болатын. Енді Джиддада Хаби Алонсо шәкірттерінің қарымта қайтаруға мүмкіндігі бар.

«Атлетико» бес матчтан бері жеңілмей келеді, жылды төрт жеңіспен аяқтады. Ал жаңа жылдың басында Диего Симеоне командасының шабуылына «Реал Сосьедад» төтеп беріп, матч 1:1 есебімен аяқталды.

«Реал» да бұл кездесуге төрт матчтық жеңіс сериясымен келіп отыр. Каникулдан кейін мадридтіктер «Бетисті» 5:1 есебімен жеңіп, жеңімпаз мәселесін ерте шешті.

«Атлетико» мен «Реал» арасындағы матч 2026 жылғы 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні, сағат 00:00–де өтеді.

Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.



Күн шежіресі