Латурнустың қос голы «Ақтөбеге» Көкшетаудан тең нәтиже алып кетуге көмектесті (видео)
«Оқжетпес» пен «Ақтөбе» жанкүйерлерге нағыз триллер сыйлады.
Көкшетаулықтар Бектемір Абдуманноновтың күшімен матчтағы есепті ашты. Алайда Виталий Латурнус әуелі таразы басын теңестіріп, кейін екінші таймның басында «қызыл-ақтарды» алға шығарды.
Матч тағдыры қосымша уақытта шешілді. Бұрыштамадан кейін Борис Лотоцкий есепті теңестірді – 2:2.