«Қайсар» жеңіліссіз үш матчтық серияны тіркеді. Қызылордалықтар Кубок пен чемпионат аясында «Тобылды» жеңіп, Алматыда «Қайраттан» ұпай тартып алды.
Ал «Елімай» соңғы уақытта сәтсіз серияны бастан өткеріп жатқан еді. Алайда 10-турда өз алаңында «Жеңісті» 2:1 есебімен жеңіп, сәтсіздікті тоқтатты.
Енді командалар 11-тур аясында Қызылордада кездеседі.
Өткен маусымда «Елімай» «Қайсар» екі рет жеңген болатын. Жаңа кездесу 28 мамыр күні сағат 19:00–де өтеді.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.
