«Ертіс» пен «Ұлытау» жеңімпазды анықтай алмады (видео)
Қазақстан чемпионаты 12-туры аясында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында «Ұлытау» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.
Қонақтар матчтағы есепті 29-минутта Ариагнер Смиттің дәл соққысынан кейін ашты. Үзілістен соң алаң иелері таразы басын теңестіріп, 74-минутта Владислав Климович мергендік танытты.
Осылайша, кездесу қорытындысы бойынша командалар ұпай бөлісті.