«Алтай» мен «Астана» арасындағы текетірес: матчтың трансляциясы
Қазақстанның алты дүркін чемпионы «Астана» маусым басындағы басты сенсациялардың бірі «Ұлытауды» сенімді түрде жеңгеннен кейін, енді «Алтайдың» алаңына қонаққа барады.
Екі командаға да ұпай ауадай қажет. Құрам мәселесіне тап болған астаналықтар әзірге жарқын жеңістер мен сәтсіз жеңілістерді алма-кезек өткізіп жүр. Соған қарамастан олар үздік үштікке ену үшін күресті жалғастыруда, ал тағы бір жеңіліс команданы медаль аймағынан алыстатып жіберуі мүмкін.
Ал «Алтай» болса, Вахид Масудов жетекшілігімен небәрі 8 ұпаймен турнир кестесінің төменгі жағынан алыстауға тырысып жатыр. Өскемендік клуб маусым басын Алматыда өткізгеннен кейін туған қаласына оралды. Алайда бұл әзірге нәтиже берген жоқ — «Оқжетпестен» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Енді оларды Премьер-лигаға қайта оралғаннан кейінгі «Восток» стадионындағы өз жанкүйерлері алдындағы екінші матч күтіп тұр.
Ойын сағат 16:00–де басталады.
Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.