logo

Көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі: Ташкентте өнер көрсететін қазақстандық спортшылар анықталды

Көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі: Ташкентте өнер көрсететін қазақстандық спортшылар анықталды

Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жекелей сында да, топтық жаттығуларда да өнер көрсетеді. Төменде команда құрамы ұсынылған:

Жекелей сайыс: Диана Сәрсембаева, Дария Күшербаева.

Топтық жаттығулар: Аида Хәкіммжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская.

Әлем кубогының кезеңі 10 сәуірде басталады.



Күн шежіресі