Иржи Ярошик «Шахтер» клубындағы қызметінен уақытша шеттетілді

Чехиялық бапкер Иржи Ярошик Қарағандының «Шахтер» футбол клубындағы бас бапкер қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Sport+.
Лондондық «Челси» және мәскеулік ЦСКА клубтарында ойнаған бұрынғы футболшы 2024 жылдың соңында «Шахтер» командасын тізгінін ұстаған еді. Оның алдында тұрған басты мақсат — команданы Премьер-лигаға қайтару болатын. Алайда Бірінші лиганың сегіз турынан кейін «Шахтер» 17 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Команданың басты бәсекелестері — «Ертіс» пен «Каспий» — көш бастап тұр.
Соңғы ойында «кеншілер» сырт алаңда «Алтайға» 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
Келесі турға команданы қазақстандық бапкер Андрей Финонченко дайындауда. Алдағы уақытта Ярошик пен оның бапкерлер штабы клубтан кетуі мүмкін.