logo

Иранға Роналдусыз. «Эстегляль» – «Аль Наср» матчының тікелей эфирі

Иранға Роналдусыз. «Эстегляль» – «Аль Наср» матчының тікелей эфирі

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Азия Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы ирандық «Эстегляльға» қарсы бірінші матчқа қатыспайды.

Қауіпсіздік мәселелеріне байланысты «Әл-Наср» матчты бейтарап алаңға ауыстыруды сұраған еді, алайда АФК бұл өтінішті қабылдамады.

Бұл шешімге 2023 жылғы жағдай да әсер етті. Сол кезде Тегеран полициясы жанкүйерлердің қонақүйге басып кіру әрекетін тоқтатуға мәжбүр болған еді. Осы оқиғаларды ескере отырып, клуб Роналдуды ойынға қоспау туралы шешім қабылдады.

Дегенмен, Иранға команда сапында жұлдызды жаңадан келген ойыншы – Джон Дуран барды. Ол Сауд Арабиясы чемпионатында 4 матчта 4 гол соғып, өз әлеуетін көрсетті.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша «Әл-Наср» Батыс конференциясында 17 ұпай жинап, 3-орын алды. Ал «Эстегляль» 9 ұпаймен 6-орынға тұрақтады, тіпті олардың доп айырмасы теріс көрсеткішке ие – 8:9.

Топтық кезеңде өткен алғашқы кездесуде Стефано Пиоли жаттықтыратын «Әл-Наср» аз ғана басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

Жаңа кездесу 3 наурыз күні сағат 21:00-де өтеді. Ойынды Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі