«Коньяспор» қарқыны күшейген Трабзоннан келген қонақтарды тоқтата ала ма? «Коньяспор» – «Трабзонспор» матчының тікелей эфирі

«Трабзонспор» қысқы трансферлік кезеңде күшейіп, жақсы форма жинап үлгерді — Шенол Гүнештің шәкірттері соңғы 10 матчтың тек екеуінде ғана жеңіліске ұшырады. Алайда, маусым басындағы сәтсіздік өткен жылдың қола жүлдегеріне турнир кестесінде жоғары орындардан көрінуге мүмкіндік бермей отыр.
Қазіргі таңда клуб 9-орында. Соңғы Суперлига матчында «Трабзонспор» өз алаңында «Газиантепті» 3:2 есебімен жеңді. Команданың үздік сұрмергені Симон Банза дубль авторы атанып, жалпы алғанда, 28 жастағы конголық шабуылшы қатарынан үш матчта гол соғып келеді.
Ал «Коньяспор» керісінше, турнирлік кестеде төмен сырғып, құлдырау аймағына жақындап келеді. Команда соңғы төрт матчта жеңіс қуанышына бөлене алмады.
Айта кетерлігі, «Трабзонспор» соңғы үш бетпе-бет кездесуде жеңіске жеткен, соның ішінде 2024/2025 маусымындағы өз алаңындағы ойында 3:2 есебімен басым түсті.
Командалардың жаңа кездесуі 3 наурыз күні сағат 18:00–де өтеді. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.