Яна Лукьянчикова жүзуден жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жүзу жарыстары басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
50 метрге еркін стильде жүзуден Яна Лукьянчикова өз іріктеу кезеңінде төртінші болып мәреге жетті.
Спортшы жалпы есеп бойынша сегізінші нәтиже көрсетіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Финал бүгін кешке өтеді.