logo

Ғұсман Қырғызбаев Әлем чемпионатында Олимпиада чемпионына есе жіберіп, жарыста өнер көрсетуін аяқтады

Ғұсман Қырғызбаев Әлем чемпионатында Олимпиада чемпионына есе жіберіп, жарыста өнер көрсетуін аяқтады

Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, 14 маусымда ел намысын тек Ғұсман Қырғызбаев қорғады.

Ол ширек финалда жеңіліп, жұбаныш белдесуінде өнер көрсетті.

Егер бұл белдесуде жеңіске жетсе, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алар еді.

Алайда Қырғызбаев қос бірдей Олимпиада чемпионы, жапониялық Хифуми Абэден айласын асыра алмады.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана жүлде бар. Бір күн бұрын 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медаль иеленген болатын.



Күн шежіресі