«Галатасарай» кезекті жеңісіне жетті (видео)

2024/25 жылғы маусымда Суперлига чемпиондығына таласып жатқан «Галатасарай» өз алаңында кезекті жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Бурук жаттықтыратын команда «Бодрумспорды» 2:0 есебімен ұтты — әр таймда бір-бірден гол соғылды. Бірінші таймда есепті Лукас Торрейра ашса, екінші таймда Давинсон Санчес гол соқты.
Бұл жеңістен кейін «Галатасарайдың» қоржынында 77 ұпай бар және команда турнирлік кестеде бірінші орында келеді.