Фаниль Рафиков: Диярдың екінші мүмкіндігі болады, бұл спортта жеңіліс көрмегендер өте аз

Қазақстандық ММА жауынгері, NAIZA және Fight Night белбеуінің иегері Фаниль Рафиков әлеуметтік желілерінде қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, отандасы Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі дебюті туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
«UFC-ге жеткен кез келген жауынгердің мүмкіндігі бар. Диярдың лигада жеңісті серияны бастау үшін екінші мүмкіндігі болады. Бұл спортта жеңіліс көрмегендер өте аз, сондықтан бұған қалыпты қарау керек», — деді жауынгер.
Дияр дебюттік жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіліп, екінші раундта жеңілісті мойындады.