Евгений Кошкин: Азия ойындарының медалін өзімнің бірінші бапкеріме арнаймын

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Жарыс басталғаннан кейін өз пікірін білдірген спортшы медалін алғашқы бапкері Николай Георгиевич Ульитинге арнайтынын айтты, деп хабаралайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
«Мен өте қуаныштымын. Сәтті өнер көрсеттім. Барлығы ойдағыдай өтті. Әрине, қытайлық қуантты. Маусым бойы мен оны 100 метрде ұттым, 500 метрде де жиі жеңетінмін. Бірақ қазір ол жинақталып, өз елінде, өзінің жанкүйерлері алдында жеңіске жетті. Бұл да оның мүмкіндігі еді.
Мен үшін жарысқа қатысу өте жағымды болды. Оны бақылап отырдым. Ол да мені бақылады деп сенемін. Барлығы алдын ала болжағандай болды.
Менің ең үздік уақытым — 9.46 секунд. Қазір 9.47 секундта аяқтадым. Әлі де жақсартуға болар еді деп ойлаймын. Әсіресе, 100 метрлік қашықтықта, онда аяқты созып, уақытты аздап қысқартуға болады. Әрине нәтижені жақсартуға тырысамыз. Барлық дайындық осыған бағытталып жатыр. Алтын алыс емес.
Медальді мен өзімнің алғашқы бапкеріме, Улитин Николай Георгиевичке арнаймын. Өкінішке қарай ол өткен жылы қайтыс болды. Ол мені осы спортқа алып келді және мені осында болуым үшін барлық жағдайды жасады», — деді Кошкин.