logo

Дзюдодан ерлер құрамасының жиыны басталды

Дзюдодан ерлер құрамасының жиыны басталды

Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды sportplustv.kz.

Жылдың  алғашқы жаттығу жиынына ұлттық құрама спортшыларымен бірге өңірлерден 70-ке жуық дзюдошы шақырылған. Оқу-жаттығу жиыны 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 26-28 қаңтар күндері дзюдодан жылдың ресми ірі жарысы - Португалиядағы Гран-при турнирі басталады.

Бас бапкер Нұрбол Сүлейменов турнирге қатысатын балуандар тізімін жариялады.

Ерлер:

60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйкенов

73 келі: Жансай Смағұлов, Дәурен Сүйкенов

81 келі: Мәди Амангелді

90 келі: Айдар Арапов, Мұхаммедәли Мавлидов

100 келі: Ислам Бозбаев

+100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.

Бұл турнирге 60 келідегі команда көшбасшысы Елдос Сметов пен Азиада қола жүлдегері Мағжан Шамшадин қатыспайды. Айта кетелік, бас бапкер Сметовтің ұлттық құрамадан бөлек жаттығатынын айтқан болатын.