Джиу джитсу бапкерлері әлемдік семинарға қатысты

2024 жылғы 11-15 желтоқсан аралығында Абу-Дабиде Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мен Азия джиу-джитсу одағы (JJAU) ұйымдастырған джиу-джитсуды дамыту бойынша алғашқы бағдарлама өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен бұл іс-шараға қазақстандық бапкерлер мен төрешілер қатысып, бүкіл Азиядан барған әріптестерімен тәжірибе алмасу және біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан атынан бапкерлер Нұржан Арапбаев пен Риза Сабитова, сондай-ақ төрешілер Елеукен Бекмұхаммед пен Әйгерім Қуатқызы қатысты. Олардың бұл шарадағы белсенділігі еліміздегі джиу-джитсуды дамытуға және спорт саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға үлкен үлес қосты.