logo

Дмитрий Непогодов «Улытау» клубымен келісімшартқа отырды

Дмитрий Непогодов «Улытау» клубымен келісімшартқа отырды

Жезқазғандық «Улытау» футбол клубы 36 жастағы қақпашы Дмитрий Непогодовпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Непогодов — украиналық футбол мектебінің түлегі. Өзінің мансабы барысында ол украиналық «Металлург», «Ворскла», және «Черноморец» командаларында ойнады, сондай-ақ Қазақстан чемпионатында «Тобол», «Ордабасы», және «Астана» клубтарының сапында өнер көрсетті.

Непогодов соңғы екі маусымды Украинадағы «Подолье» клубында өткізді. Ол 38 матчта ойнап, 41 гол өткізіп, 9 кездесуде қақпасын «құрғақ» сақтады.

Қақпашы Қазақстан ұлттық құрамасында 2018 жылы UEFA Ұлттар Лигасы аясында Грузияға қарсы матчта дебют жасады және ұлттық құраманың жейдесінде 13 ойында өнер көрсетті.



Күн шежіресі