Аморим үшін маусым құтқарудың соңғы мүмкіндігі. «Манчестер Юнайтед» – «Лестер» матчының тікелей эфирі

Рууд ван Нистелрой үшін «Лестердегі» жағдай әзірге сәтсіз – 10 матчтың 8-інде команда жеңіліске ұшырады. Дегенмен, Премьер-лигада қалу мүмкіндігі әлі бар, ал Англия Кубогына күш жұмсаудың аса мәні жоқ.
Голландиялық бапкер бұл ойынға қосалқы құрамды шығаруы әбден мүмкін. Мұны дәлелдейтін жайт – Манчестерге сапар шеккен жас ойыншылардың қатарында 15 жастағы Джереми Монга мен 16 жастағы Джейк Эванстың болуы.
«Юнайтед» те тұрақсыздық танытып жүр. Соңғы турда «Кристал Пэласқа» 0:2 есебімен жеңілгеннен кейін команда өз жанкүйерлерінің алдында есе қайтарғысы келеді. Чемпионатта жоғары орындарға талас мүмкін емес болғандықтан, «қызыл сойқандар» бар күшін қалған турнирлерге – Англия Кубогы мен Еуропа Лигасына салмақ. Бұл – бас бапкер Аморим үшін маусымды құтқарудың жалғыз жолы.
Командадағы басты мәселе – жарақаттар. Лисандро Мартинес крест тәрізді байламдарын жарақаттады, сондай-ақ, Люк Шоу, Джонни Эванс және Мэйсон Маунт та емделу үстінде.
Ал жаңа ойыншы Патрик Доргу негізгі құрамда шығуы тиіс. Дат футболшысы жақсы формада, ал «Юнайтедке» дәл қазір оның көмегі ауадай қажет – жүйеге бейімделуге уақыт жоқ, бірден іске кірісу керек.
«Манчестер Юнайтед» – «Лестер» матчы 7-нен 8 ақпанға қараған түні, Астана уақытымен 01:00-де басталады.
Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.