2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Денис Евсеев ATP 250 турнирінің іріктеу финалына шықты

Денис Евсеев ATP 250 турнирінің іріктеу финалына шықты

Гонконгте ATP 250 сериясындағы турнирдің іріктеу кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Sport+.

Әлемдік рейтингте 246-орында тұрған қазақстандық теннисші Денис Евсеев Қытайдағы іріктеу турнирінің финалына шықты. 

Жартылай финалда Евсеев іріктеудің жетінші нөмірін, әлемдік рейтингте 152-орында тұрған чилилік Кристиан Гаринді үш сетте жеңді. 

Матч нәтижесі: 6:2, 2:6, 6:2 Евсеевтің пайдасына.

Енді іріктеу финалында қазақстандық спортшы италиялық Франческо Пассаромен (108-орын) кездеседі.



Күн шежіресі