logo

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы президенті қызметінен босатылды

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы президенті қызметінен босатылды

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясының президенті қызметін босатылды, деп хабарлайды Sport+

Бүгін, 24 наурыз күні Амманда (Иордания) күрес түрлерінен Азия чемпионатының аясында құрлықтық ұйымның бас ассамблеясы өтті. Жиында қарастырылған бірнеше мәселенің бірі — жаңа президентті сайлау.

Нәтижесінде иорданиялық Мұхаммед Әл-Ауамала сайлауға қатысқан 38 елден рекордтық 34 дауыс жинап, 2028 жылға дейін Азия күрес федерациясының президенті болып сайланды.

Естеріңізге сала кетсек, Дәулет Тұрлыханов бұл ұйымды 2017 жылдан бері басқарған еді.