logo

«Chery Cup — 2025» отырып ойнайтын волейболдан инклюзивті турнир Астанада өтті

«Chery Cup — 2025» отырып ойнайтын волейболдан инклюзивті турнир Астанада өтті

10 қазан күні Астанада Қазақстан Республикасындағы Мүгедектігі бар адамдар күніне орай «Chery Cup — 2025» отырып ойнайтын волейболдан инклюзивті турнир өтті. Жарыстар Паралимпиадалық жаттығу орталығының алаңында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитетімен жаһандық серіктестік аясында турнирге Chery компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы — Astana Motors қолдау көрсетті.

«Chery Cup» турнирінің басты мақсаты — спорттың әр адамға қолжетімді екенін көрсету. Біз паралимпиадалық спорт түрлерін кеңінен насихаттап, ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтенуіне жәрдемдесуді, сондай-ақ салауатты әрі белсенді өмір салтының маңыздылығын еске салуды көздейміз», — деді Chery Kazakhstan дистрибуциясының басшысы Нұрлан Шамғонов.

Жарысқа алты команда қатысты: Chery Kazakhstan құрамасы, ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің командасы, Паралимпиадалық жаттығу орталығының (Каспий қоры) командасы, РМҚК «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығы», Астана қаласы әкімдігінің «Елорда» спорт клубы және Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының командасы.

Алаңда достық, бірақ шынайы бәсекелі атмосфера орнады. Ойыншылар әр доп үшін күресіп, рухтың мықтылығы мен жеңіске деген жігер шектеуді білмейтінін дәлелдеді. Көрермендер үшін бұл — жеңуге, бірігуге деген шабыт беретін жарқын үлгі болды.

«Chery Cup — 2025» инклюзивті турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынды Паралимпиадалық жаттығу орталығының (Каспий қоры) командасы иеленді. Екінші орын Астана қаласы әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Елорда» спорт клубына бұйырды. Қола жүлдені РМҚК «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығының» спортшылары жеңіп алды.

2024 жылдан бастап Chery Kazakhstan Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің ресми демеушісі болып табылады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары — мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды әзірлеу және қолдау, сондай-ақ Chery қолдауымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру.

Бұл серіктестік елімізде паралимпиадалық спортты дамытуға және мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен азаматтар үшін үздік жағдай жасауға бағытталған.



Күн шежіресі