Батыс дербиі: «Атырау» – «Ақтөбе» матчының тікелей эфирі
21-тур аясында батыс дербиі өтеді. Алайда бұл кездесу оңтүстікте ұйымдастырылады. Себебі «Атыраудың» өз стадионы әлі де дайын емес. Осыған байланысты «мұнайшылар» үйдегі матчтарын Түркістанда өткізуге мәжбүр.
Бұл жолы да «Атырау» «Ақтөбені» Түркістанда қабылдайды.
Бұл қарсыласуға «Атырау» командасын «қызыл-ақтардың» аңызы, бұрынғы капитаны Самат Смақовтың жаттықтыруы да ерекше мән беріп отыр. Сонымен қатар, екі команданың соңғы нәтижелері де кездесуге деген қызығушылықты арттыра түседі.
«Атырау» бес матч қатарынан жеңіске жете алмай келеді. Ал «Ақтөбе» де соңғы кездесуінде жеңіліс тапты.
Матчты Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Ойын сағат 20:00–де басталады.