Үшінші орын үшін тартыс: «Астана» – «Оқжетпес» матчының тікелей эфирі

Үшінші орын үшін тартыс: «Астана» – «Оқжетпес» матчының тікелей эфирі

Қаржылық қиындықтарға қарамастан, «Астана» турнирлік кестедегі үшінші орын үшін күресін жалғастыруда. Бұл орын қола жүлдеден бөлек, келесі жылы Конференция лигасында ойнауға мүмкіндік береді.

Дәл осы орын үшін «Оқжетпес» те таласуда. Көкшетаулық клуб биылғы маусымның басты сенсациясына айналып отыр. Ринат Әлюетовтің шәкірттері әр матчта мінез көрсетіп, осы маусымда астаналықтарды жеңіп те үлгерді.

Енді командалар 21-тур аясында кездеседі. Ойын «Астана Аренада» өтеді. Григорий Бабаянның шәкірттері осы маусымда чемпионаттағы өз алаңында ешкімге есе жіберген жоқ.

Матч сағат 18:00–де басталады. Ойынды Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі